қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.06.2021

«Болашақ» бағдарламасының стипендиялары туралы

 

2021 жылғы 7 маусымда Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Дархан Біләлов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозовамен кездесті.

 

Кездесуге біздің университеттің басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

 

Ректор бұл кездесудің жоғары білім беру сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

 

«Болашақ» стипендиясы шын мәнінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміз үшін ең қиын жылдары жасаған бірегей феномені болып табылады. Көптеген тұлғалар үшін «Болашақ» стипендиясы өз әлеуетін іске асыруға және түрлі салаларда инновациялар енгізуге мүмкіндік берген өзіндік әлеуметтік лифтке айналды», - деді Дархан Біләлов.

 

Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарында магистратура мен докторантурада ғылыми тағылымдамадан өту мәселелері түсіндірілді.

 

Айнұр Кәрібозова өз кезегінде ағымдағы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша бөлінген стипендия санына және конкурстық іріктеуге байланысты жаңалықтар туралы айтты.

 

«4 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев тағайындаған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау басталды. «Болашақ» бағдарламасы аясында ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта бағдарлама академиялық оқудан (магистратура, докторантура, резидентура) өтуді, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттері мен компанияларында ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді де қамтиды, - деп атап өтті Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы.


2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 385 стипендия магистратура бағдарламасы бойынша бөлінген, 60 стипендия докторантура және резидентура бағдарламалары бойынша бөлінген, 110 стипендия педагог қызметкерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тағылымдамадан өтуіне арналған. 500 стипендия қазақстандық ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін берілетін болады.

 

Стипендия беруге үміткерлерге академиялық оқу үшін 80 мамандық және тағылымдамадан өту үшін 137 мамандық ұсынылады.

 

Кездесу соңында Абай университеті мен Халықаралық бағдарламалар орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.