Главная /
СМИ о нас
15.06.2021 Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 300 оқытушысы коронавирус вакцинасын алды
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында басқарма төрағасы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Дархан Біләлов айтты. Ол індет кезінде жоғары және орта білім беру жүйесі қашықтан оқытудың жаңа тәжірибесіне ие болғанын, бірақ офлайн форматқа оралу ең жақсы шешім болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Д. Біләловтің айтуынша, коронавирус - бүкіл әлемді дүр сілкіндірген аурулардың бірі. Сондықтан педагогикалық университеттің қызметкерлері өз еркімен вакцина алу туралы шешім қабылдады. 298 адам екпе алды. Бұл жақындарының, әріптестері мен студенттерінің денсаулығына қамқор болатын оқытушылардың саналы таңдауы.
«Пандемия барлық жоғары оқу орындарына қашықтан оқытудың жаңа тәжірибесін әкелді. Оны ұмытпау керек. Аралас оқыту форматының артында мұғалімдердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін болашақ бар. Қашықтан оқытудың жағымды жақтарына қарамастан, студенттер офлайн режимде жақсы оқиды. Студент жастарды ата-аналары мен жақындарына жауапкершілік танытуға шақырамын. Егер сіз ауру жұқтырсаңыз, отбасындағы қарт адамдардың сауығуы өте қиын», - деді Д. Біләлов.
Ректор оқытушыларды, студенттерді, талапкерлерді, студент жастарды вакцина алуға және ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға шақырды. Бұл коронавирустық пандемияға қарсы тұрудың жалғыз жолы және қалыпты өмір салтына оралудың кепілі. Д. Біләловтің айтуынша, мамандарды тарта отырып, вакцина жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, Алматыда 14 маусымдағы жағдай бойынша КВИ вакцинасын 345 465 адам алды. 60 жастан асқандар саны 35 972 адамды құрайды. Медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базарлар мен қаланың СОСО-да 208 вакцина пункттері жұмыс істейді. 1256 адамнан құралған 307 екпе бригадасы бар. Кәсіпорындар мен оқу орындарының ұжымдарын вакциналау үшін мобильді бригадалар жұмыс істеуде.
15.06.2021 ж. Ақпарат көзі: almaty.tv
|