қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
07.03.2019

«Латын негізді қазақ жазуы: ономастикалық-графикалық кеңістік мәселелері» дөңгелек үстелі


15 наурызда Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру: болашаққа жол» бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін іске асыру мақсатында «Мемлекет басшылары Н.А. Назарбаева «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» (2017 жылғы 12 сәуір) «Латын негізді қазақ жазуы: ономастикалық-графикалық кеңістік мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтеді.

 

Семинар жұмысына ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкерлері, Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері, Республикалық және Алматы қаласы жоғары оқу орындары - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абылай хан атындағы ӘТжХҚУ профессор-оқытушылары мен университеттің білім алушылары: ізденушілер, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысады;

 

Республикалық «дөңгелек үстел» жұмысында талқыланатын мәселелер:

- ономастикалық атаулардың графикалық кеңістікте таңбалану мәселелері;

- графикалық кеңістіктегі жарнама және маңдайша мәтіндері;

- антропонимдер орфограммаларының бірқатар мәселелері

- оомастикалық-графикалық кеңістіктің латыннегізді қазақ жазуына негізделу мәселелері.

 

Республикалық «дөңгелек үстел» жұмысының жүргізілетін тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.


Семинар соңында қатысушыларға сертификат беріледі.

 

 

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Достық даңғылы 13, кабинет 320.

 

Өткізілетін уақыты: 15.03.2019, басталуы сағ. 10.00, тіркеу: сағ. 09.00.