қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.06.2021

Қосдипломды бағдарлама бойынша магистрлерге диплом тапсырудың

онлайн-рәсімі

 

2021 жылғы 25 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы және Білімді ақпараттандыру мәселелері және білім технологиялары халықаралық ғылыми зертханасы дайындық бағыты «44.04.01-Педагогикалық білім беру, білім беру бағдарламасының бағыты (профилі) - «Білім беру қызметін цифрландыру технологиясы» (желілік форманы қолдана отырып) қосдипломдық магистрлік бағдарлама бойынша магистрлеріне дипломды тапсыру онлайн-рәсімін өткізді. Іс-шараның модераторы информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі Н. Т. Ошанова болды.

 

2019 жылы В. П. Астафьев атындағы КМПУ-мен (Ресей, Красноярск) білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім негізінде дайындық бағыты «44.04.01 -Педагогикалық білім беру, білім беру бағдарламасының бағыты (профилі) «Білім беру қызметін цифрландыру технологиясы» (желілік форманы қолдана отырып) қосдипломдық магистрлік бағдарлама әзірленді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректоры Сахиев С. К «Бүгін біздің университеттеріміз үшін маңызды күн, бұл бағыт бойынша алғашқы түлегіміз бар» - деп атап өтті. Сонымен қатар В. П. Астафьев атындағы Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің математика, физика және информатика институтының Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, магистрлік бағдарламаның жетекшісі Пак Н. И., желілік ЖОО аралық бағдарламалардың жетекшісі Бочарова Ю. Ю., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Математика, физика және информатика институтының директоры М. Ж. Бекпатшаев магистранттарды құттықтады.

 

В.П. Астафьев атындағы Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің математика, физика және информатика институтының директоры А. С. Чиганов түлектерді құттықтап, магистрлерді дипломдармен марапаттады.

 

«44.04.01-Педагогикалық білім беру, білім беру бағдарламасының бағыты (профилі) «Білім беру қызметін цифрландыру технологиясы» (желілік форманы қолдана отырып) бойынша магистр түлегі Бержанова Ұлмекен алғыс сөздерін айтты. Түлектер Институт ұжымына, сондай-ақ өздерінің тәлімгерлеріне үлкен алғыстарын білдіріп, ЖОО қабырғасында алған теориялық білімдерін өздерінің кәсіби қызметінде кеңінен қолдануға уәде берді.


Ақ жол, 2021 жылдың магистратура түлектері!