қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.08.2021

Ғылыми пікірталас

«Кәсіби және тұлғалық өсу: жаңа міндеттер мен перспективалар»

 

2021 жылы 12 тамызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Zhana Izdenister» Халықаралық ғылыми - білім беру жобасы аясындағы «Кәсіби және тұлғалық өсу: жаңа міндеттер мен перспективалар» онлайн форматта үшінші ғылыми пікірталас өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы (Ә.Ә.Момбек, С.Т.Исалиева).

 

Пікірталасқа Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (Баку, Әзірбайжан), Балашиха қ. № 11 гимназия (Мәскеу облысы, Ресей), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы), Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті (Көкшетау қ.), А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қостанай қ.), М.Қозыбаев Солтүстік Қазақстан университеті (Петропавл қ.), Алматы қ. Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы және т.б.

 

Жобаға қатысушылар баяндама жасады: Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар ққ., Ақмола облысы Жарқайын ауданы, Алматы облысы Енбекшіқазақ және Ұйғыр аудандары, Шығыс-Қазақстан облысы Риддер қ. педагог-психологтар, мұғалімдер мен мектеп оқушылары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті (соның ішінде Әзірбайжан және Үндістаннан шетелдік студенттері), Солтүстік Кипрдің Таяу Шығыс университеті (Түркия), І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Талдықорған), Украина Ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясы Білім мәселелері институтының аспиранттары (Киев, Украина), «Содействие» психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік көмек орталығы (Калуга, Ресей), Павлодар қ. Республикалық психикалық денсаулық орталығының (Қазақстан) және т.б.