қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
27.08.2021

Жемқорлықсыз университет

 

 

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Антикор орталығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Басқарма Төрағасы-Ректоры, PhD докторы Дархан Біләловпен кездесу болды.


Кездесуді ашып жүргізіп отырған «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Тоқышев аталған университеттің Қазақстан жоғары оқу орындары арасында бірінші болып республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын қолдап, жемқорлықсыз орта қалыптастыру жолындағы бастамасы бүгінде қызу қолдау тауып отырғанын атап көрсетті.


Осындай мақсатты да жемісті жұмыстың арқасында Абай университеті «Евросерт» компаниясының ИСО 37001-2016 стандартының халықаралық сәйкестік сертификатына республикада бірінші болып қол жеткізді. Өз кезегінде Қайыржан Тоқышев «Бүгін біз университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тәжірибесін ортаға салу үшін осы кездесуді ұйымдыстырып отырмыз» деген Қайржан Тоқышев алғашқы сөзді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті КЕАҚ Басқармасының Төрағасы - Ректоры Дархан Нұрланұлы Біләловқа берді.


Дархан Біләлов өз сөзінде университеттегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес, академиялық адалдық принциптерін сақтау жөніндегі іс-шаралар Білім және ғылым министірлігінің нұсқаулықтары талаптарына сай және Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесімен бірге бекіткен кешенді жоспары негізінде жүргізілетінін атап көрсетті.


Университетте жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. 2019 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің ұсынысымен жол берілуі мүмкін жемқорлық көріністерінің алдын алу, студент жастардың жемқорлыққа қарсы дүниетанымы мен мәдениетін, ізгілігін қалыптастыру мақсатымен университетте «Парасат» орталығы құрылды. Бұл орталықтың бастамасымен халықаралық ИСО 37001-2016 стандартына жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі менеджмент жүйесі енгізілді.


Студенттердің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру мақсатымен бакалавриаттың 2-3 курстарына элективті пән ретінде «Құқық және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениеті» пәні оқу бағдарламасына енгізілді. Тарих және құқық институтының диплом жұмыстарына, магистрлік және докторлық дисертацияларына жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған жаңа тақырыптар енгізілді. Білім алушылардың дипломдық жұмыстарын, дисертацияларын, оқытушылардың ғылыми мақалаларын «Антиплагиат» арнаулы бағдарламасы бойынша тесеру жүйесі жұмыс істей бастады.


2019-2020 оқу жылынан бастап аралық және қорытынды аттестаттау, магистратура мен докторантураға түсу емтихандары кезінде синхронды Google Meet және асихронды ОЕС прокторингі пайдаланыла бастады. 2020-2021 оқу жылында AERO жүйесі бойынша компьютерлік тестілеу, Oqylyq жүйесі арқылы жазбаша емтихан тапсыру жүзеге асырылды. Қысқы емтиханның қорытындысы бойынша «Академиялық адалдық Кодексінің» талаптарын сақтамағаны үшін 38 студентке ескерту жасалды, Кодексті бұзғаны үшін 5 студент оқудан шығарылды. Көктемгі сессия кезінде Кодекс талаптарын бұзғаны үшін бірнеше білім алушы емтиханнан шығарылды. Өз міндеттерін жақсы атқарған оқытушылар мен қызметкерлерге моральдық және материалдық қолдау көрсету тәжірибесі енгізіліп отыр.


Ректор Дархан Біләлов өз сөзінде сыбайлас жемқолыққа қарсы бұдан басқа да көптеген игілікті іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті.
Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің басшысы Мұрат Ахметов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аталған саладағы жұмысына қанағаттанғандық сезімін білдіріп, ректор Дархан Біләловқа алғысын айтты.


Ректор Дархан Біләлов пен Департамент басшысы Мұрат Ахметов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына қол қойды.


Кездесуге Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің , «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің , Абай университетіндегі «Парасат» орталығының қызметкерлері қатысты.


Мырзахан АХМЕТОВ, Абай атындағы ҚазҰПУ Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

27.08.2021 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz