қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
31.08.2021

Пікірталасқа қатысушылар буллинг және оның салдары мәселелерін талқылады

 

2021 жылы 29 тамызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Zhana Izdenister» Халықаралық ғылыми - білім беру жобасы аясындағы онлайн форматта «Буллингтың қарама-қарсы жағында» пікірсайыс өтті. Іс-шараның ұйымдастырушы - «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы, модератор С.Т. Исалиева.

 

Пікірсайысқа В.И.Панфилов атындағы № 54 Қазақстан-Ресей мамандандырылған мектеп-лицейі, №165 мамандандырылған лицей оқушылары (Алматы қ.), № 96 орта мектебі (Алматы қ.) және № 15 орта мектептің мұғалімдері (Павлодар қ.), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ.) және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы қ.) студенттері мен докторанттары, Республикалық психикалық денсаулық орталығы мен Еуразиялық инновациялық университетінің (Павлодар қ.) өкілдері қатысты.

 

Қатысушылар балалардың өздері буллингты жеңе алатынын және бұл жағдайда ересектер араласуы керектігін талқылады. Іс-шара барысында буллинг құрбандарына психологиялық қысым көрсету және оның ересектер өміріне салдары мәселелері белсенді түрде талқыланды.

 

Шақырылған сарапшы Л.А.Бикетова (Павлодар қ. Республикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы) пікірсайысты қорытындылады. Барлық қатысушылар бірауыздан: жаңа оқу жылы қарсаңында мұндай мәселелерді талқылау қажет екенін айтты.