қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
07.09.2021

Елімізде баланың жасырын қабілетін анықтайтын жоба жарық көреді

 

  

 

Жасырын қабілетті анықтайтын жаңа жоба. Елімізде қазан айынан бастап жеткіншектердің біліктілігін ерте ашуға бағытталған бағдарлама жүзеге асырылады.

Енді кез-келген ата-ана Qabilet.elbasyacademy.kz сайтына тіркеліп, кішкентайларының қай салаға құштарлығы басым екенін тест жүйесі арқылы біле алады. Жаңа бастаманы Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырып отыр.

 

Жаңа жоба биыл алғаш рет жүзеге асырылады. Онда әзірге тек 10-11 жастағы балалар бағын сынай алады. Ата-аналарға кішкентайларының білімі мен бейімін білуге Qabilet қызметіндегі диагностика тесті көмектеседі. Тестілеуден үйде немесе «Дарын» өңірлік орталығында онлайн өтуге болады. Артынша қорытындысына сәйкес психолог-мамандар баланың әлеуетін дамыту мен болашақ мамандығын таңдау бойынша кеңес береді.

 

Арнайы орталықта жұмыс істейтін әдіскерлерді ұйымдастырушылар Алматыға алдырып, түрлі семинар-тренингтер өткізіп жатыр.

 

Гүлім Жүсіпова, жоба жетекшісі:
- Баланың дамыту картасы жұмысын бастаймыз. Ата-аналар баласын қалай дамытуы керек? Өйткені кейбір бала гуманитария жағына бейім болады. Кейбіреулері математика жағына жақын. Кейбіреуі музыка, бейнелеу орталығына барады. Ал мынау жоба осы бағытта бала өзін қаншалықты жақсы көрсетеді, соны анықтайды. Әр аймақта «Дарын» орталықтары бар. Онда қабілет жобасын іске асыратын бөлек кабинеттерін аштық.

 

Видеоматериал

 

 

06.09.2021ж.
Ақпарат көзі: ktk.kz