қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
13.09.2021

Президент Жолдауының құқық қорғау аспектілері талқыланды

 

 

 

Жұма, 10 қыркүйекте Абай университетінде «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының құқық қорғау аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталған шараны ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институты, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), «Акселератор добра. Iзгілік елшісі» ұлттық еріктілер қозғалысы, «Алматы Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырды.

 

Шараға ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, АХҚО академиялық Кеңесінің мүшесі Бақытжан Әбдірайым, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректоры Дархан Біләлов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат, ҚР Президенті жанындағы ҰҚСК мүшесі, Сорбонна-Қазақстан институтының директоры, «Алматы Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және «Акселератор добра: Izgilik elshisi» еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова қатысты. Онлайн-режимде ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің «Акселератор добра: Izgilik elshisi» заң клиникасының өкілдері мен еріктілері, сондай-ақ заң саласындағы сарапшылар қатысты.

 

Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының құқық қорғау аспектілері талқыланды, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру, құқық қорғаушылардың құқықтарын қорғауды күшейту, балаларға қарсы қылмыстың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері қаралды.

 

Дархан Біләлов ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ел Президентінің білім және ғылым жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті: «Бұл бағыттар мемлекетіміздің одан әрі дамуы мен сапалы білім беру, адам құқықтарын қорғау, ұлттық бірлікті нығайту үшін маңызды. Ол үшін әрбір қазақстандық Жолдауда қойылған міндеттерді іске асыруға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Абай университетінің ұжымы өз жауапкершілігін сезіне отырып, осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр».

 

Игорь Рогов еліміздің Конституциясында Қазақстанның өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік мемлекет ретінде танытатыны айқын көрсетілгенін, оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екенін атап өтті.

 

«Тәуелсіздіктің 30 жылында республикада көп жұмыс атқарылды. Менің ойымша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясаты біздің Тұңғыш Президентіміз белгілеген даму векторының жалғасы болып табылады», - деді Игорь Рогов.

 

Бақытжан Әбдірайым азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын АХҚО, екі құқықтық институттың қызметі туралы және қазіргі таңда адам құқығы қызметінің қандай аспектілері маңызды болып табылатыны туралы егжей-тегжейлі айтты. Болашақ заңгерлер мен студенттерге бар мүмкіндіктерді пайдаланып, тек ұлттық заңнаманы ғана емес, басқа да елдердің заңнамаларын зерделеуге кеңес берді.

 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, барлық айтылған бастамалар мен стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік аппарат пен қоғам тарапынан ортақ күш-жігер қажет. Бұл ретте барлық деңгейлерде, оның ішінде жастардың - волонтерлер мен студенттердің белсенді қатысуымен қоғамдық диалог дамитын болады.

 

Өз кезегінде Айнұр Сәбитова азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға ықпал ететін, оның басым бөлігін жастарды волонтерлікке тартатын «Акселератор добра: Izgilik elshisi» жобасының қызметі туралы айтып, волонтерлердің халыққа көмек көрсетудегі рөлін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар пікірсайыс форматында Мемлекет басшысының Жолдауын егжей-тегжейлі талқылады, онда Қазақстанның одан әрі дамуының, оның экономикалық өркендеуі мен ел халқының өмірін жақсартудың ең өзекті мәселелері көтерілді.

 

 

Римма Жанбаева

13.09.2021ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com