Главная /
СМИ о нас
10.09.2021 Ұстаздар ұстаханасында Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өтті
«Абай атындағы ҚазҰПУ» Басқарма төрағасы - ректоры Дархан Біләлов өзінің Facebook парақшасында кеше Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткенін, кездесуге Орталық Азиядағы білім беру мәселелері жөніндегі жетекші маман Айша Вауда қатысқанын жазды.
«Білім мен ғылымды дамыту мәселелері, адами капиталды қалыптастыру процестері және білім беру саласындағы теңсіздік және пандемияның оқыту нәтижелеріне әсері туралы соңғы зерттеулер талқыланды. Біз сондай-ақ Дүниежүзілік банкпен білім беру саласында одан әрі ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастырдық», - деп жазды Дархан Біләлов.
Дархан Нұрланұлының жазуынша, қазіргі уақытта өзі басқарып отырған университеттің 12 қызметкері халықаралық жобаға қатысып жатыр, соның аясында ұстаздар ұстаханасында «Білім беруді цифрландыру», «Білім берудің құқықтық аспектілері» және «Мектеп директорлары үшін білім берудегі көшбасшылық» сияқты инновациялық бағдарламаларды әзірлеу жұмыстары жоспарланып отыр.
10.09.2021ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com
|