қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
28.09.2021

Халықаралық жоба аясында Алматы қаласы және Абай атындағы ҚазҰПУ бойынша Виртуалды тур басталды


2021 жылдың 27 қыркүйегінен бастап неміс академиялық алмасу қызметі (DAAD) қаржыландыратын «Педагогикалық кәсібилік және интернационаландыру - кеңестік дәуірден кейінгі исламдық білім беру кеңістігімен диалог» халықаралық жобасы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-ға неміс делегациясының виртуалды іс-сапарының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

 

Жобаның жетекшісі, Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова осы халықаралық жобаның қатысушылары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Қазақстан), Фридрих-Александр-университеті Эрланген-Нюрнберг (Германия), Армавир мемлекеттік педагогикалық университеті (Азербайжан) екендігін айтып, жобаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Әлемдегі эпидемиялық ахуалға байланысты неміс және азербайжан делегациясының 27 қыркүйектен 1 қазан аралығында Абай атындғы ҚазҰПУ-да виртуалды өтетіндігін айтты.

 

Жобаның мақсаты - интернационаландыру жағдайында педагогикалық кәсіби шеберлік мәселесін зерттеу және посткеңестік ислам әлемімен кәсіби және мәдени диалогқа үлес қосу.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов құттықтау сөз сөйледі. Білім беруді интернационалияландыру жағдайында халықаралық мәдени, ғылыми, білім беру және инновациялық кеңістікті қалыптастыруда кәсіби құзыретті, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары және бәсекеге қабілетті мұғалімдер мен ғалымдарды даярлауда халықаралық жобаның маңыздылығын атап өтті.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің орынбасары Бану Нарбекова қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы білім берудің даму тенденцияларына тоқталып, интернационаландырудың үздік тәжірибесінің мысалдарын атады: Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев Университеті, «Болашақ» стипендиялық бағдарламасы, «Ел үміті» бастамасы.

 

Улза Хаджиева Әзірбайжандағы білім берудің даму ерекшеліктерімен таныстырып, жобаны әзірбайжандық тараптан жүзеге асыру ерекшеліктері туралы айтты.

 

Германия тарапынан Марен Ханнекен жоба қатысушыларына алғысын білдіріп, жобаны іске асырудың тақырыптық бағыттарына тоқталды.

 

Алматыдағы ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық орталық директорының орынбасары Айбек Сыдықов халықаралық деңгейдегі тұрақты даму саласындағы ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің интеллектуалды өзара әрекеттестігін үйлестіру үшін мәдениеттердің жақындасуына ықпал етудің маңыздылығы туралы айтып, жобаға сәттілік және Қазақстан-Германия арасындағы ынтымақтастың нығаюына тілектестік білдірді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторанты Сая Байсұлтанова, 4 курс студенті Айдана Кизатова осы халықаралық жобада шетелдік әріптестермен біргелікте жүргізіп жатқан жұмыстарына, тәжірибе алмасу нәтижесінде алған әсерлеріне тоқталды.

 

Аталған жобаны жүзеге асыруда ҚазҰПУ-дан 22 адам қатысуда. Олардың арасында профессор-оқытушылар құрамы, постдокторанттар, докторанттар, магистранттар, студенттер бар.

 

Іс-шара аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-ға және Алматы қаласына виртуалды тур жасалды. «Білім, мәдениет және дін» семинары үш тақырыптық топ форматында өтті, онда Қазақстан Республикасында білім беру, мәдениет және діннің даму ерекшеліктері талқыланды. Жас ұрпақтың жаһандық азаматтықты қалыптастырудағы рөлі анықталды, ал білім қазіргі кезеңде әлемді өзгерту құралы ретінде анықталды.

 

Құрметті достар, сіздер 2021 жылдың 27 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында өтетін виртуалды турға қатыса аласыздар, ол үшін сілтеме бойынша өтіңіз:

https://zoom.us/j/91522714727?pwd=a3JJY2c4dFI2RkZybVpvazdtYUxNQT09

 

Жиналыс нөмірі: 915 2271 4727

 

Кіру коды: 940005

 

Уақыты: Берлин уақытымен 09:00 - 09:30 / Баку уақытымен 11:00 - 11:30 / Алматы уақыты бойынша 13:00 - 13:30