Главная /
СМИ о нас
30.09.2021 Жүйелі жұмыстар қолға алынды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырудың негізгі басымдықтары айқындалды. Мемлекет басшысының ең маңызды және нақты тапсырмалары, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар, бұған ықпал ететін салаларға, атап айтқанда, білім беруге бағытталған. Жолдауда Президент білім сапасын жақсарту жолдары мен мұғалімдерді қолдауға ерекше тоқталды.
Мемлекет басшысының бұл бағыттағы саясатын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов белсенді қолдауда. Қазірдің өзінде педагогикалық қызметкерлерді ғана емес, студенттерді де жігерлендіретін нақты іс-шаралар қабылданды. Министр Президентіміздің мемлекеттік университеттер қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы шешімінің маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Бұл тапсырма Абай университетінде де жүзеге асырылып, оқытушылардың жалақысы айтарлықтай өсті.
Қазіргі жаһандық өзгерістер кезеңінде жоғары оқу орнының түлегінің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін жеткіліксіз болып қалуы мүмкін. Сондықтан министрлік пен жоғары оқу орындарының алдында оқу бағдарламаларын жаңа талапқа бейімдеу міндеті тұр. Елге жігерлі және білікті мамандар қажет. Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру, орта білім беру мекемелерінің басшыларымен тығыз байланыс орнату, біліктілікті арттыру курстарын құру бойынша жұмыстар жаңа бағыт алды. Бірқатар қызықты жобалар әзірленіп, жүзеге асырылуда. Бұл бағытта Абай атындағы ҚазҰПУ да жүйелі жұмыстарды қолға алып, кірісіп те кетті.
Осылайша, «Цифрлық мұғалім» жобасы аясында университеттің оқытушылары жаңа оқу жылына арналған біліктілікті арттыру курстарынан және арнайы дайындықтан өтті. ҚазҰПУ мамандарының және Алматы облысының білім басқармасы мен Қарасай ауданы білім бөлімінің басшылығының қатысуымен орта білім беру ұйымдарының басшылары үшін «Мектептегі көшбасшылық және тиімді басқару» біліктілікті арттыру курсы жүргізілді. Курс барсында білім саласындағы көшбасшылық теориялар мен зерттеу әдістері, жалпы білім беретін мектепті басқарудың бірінші жылында кездесетін қиындықтар, Қазақстан білім жүйесіндегі шағын зерттеулер, білім саласындағы өзгерістердің мектеп деңгейінде орнығудың негізгі кезеңдері: әр кезеңдегі мектеп директорының әрекеті, ХХІ ғасыр мектеп директорының рөлдері сияқты өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды.
Жыл сайын 50 мың мектеп түлегі жоғары оқу орындарына ақылы негізде түседі. Оған университет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Себебі, студенттердің жартысынан астамы - аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттер. Әрине, барлық білім алушылар бұл жаңалықты қуана қабылдады. Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап Президенттің тапсырмасын және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында бакалаврлар шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға артты.
30.09.2021 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz |