қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.10.2021

 

Құрметті әріптестер!


Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен құттықтаймын!


Ұстаздардың арқасында біз білім мен тәжірибенің баға жетпес әлемін білеміз, ойлауға, тәуелсіз шешім қабылдауға, еңбекқор және жауапты болуға үйренеміз. Мұғалімдер даналық пен парасаттылықтың үлгісі.


Сіздер жастардың талантын ашып, өмірде өз жолын табуға көмектесесіздер, инновациялық әдістер мен технологияларды енгізесіздер, білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыс істеп, оң нәтижелерге қол жеткізесіздер.


Қашықтан оқыту форматына көшкеннен кейін педагог қызметіне деген құрмет артты. Оқушылар мен студенттердің, олардың ата-аналарының педагог қауымына деген көзқарасы өзгерді. Тұңғыш педагогикалық жоғары оқу орнының басшысы ретінде барлық мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушыларына осындай қиын жағдайда еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесінде шыдамдылық танытқандары үшін алғысымды білдіремін.


Осыған орай жаңа оқу жылының басты жаңалығымен бөліскім келеді. Біз университетіміздегі профессор-оқытушылар құрамының жалақысын айтарлықтай арттырдық. Біздің оқытушылар бұдан да үлкен құрметке лайық. Ұстаздарымыз сүйікті істерін одан да үлкен жауапкершілікпен атқарады деп сенемін.


Бүгінде мемлекет мұғалім кәсібінің өкілдерін барынша қолдайды. Бұл шаралар педагог мәртебесін арттыру және білім беру сапасын жақсарту үшін қабылданған. Жоғары білікті кадрлар - еліміздің қарқынды өзгеріп жатқан әлемдегі жетістігінің кепілі.


Сіздерге шын жүректен шығармашылық табыс, денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!


Құрметпен,
«Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы - ректоры
Дархан Біләлов