«Олжас Сүлейменовтің әлем рифмалары мен бейнелік поэтикасы» онлайн-дәрісі өтті
2021 жылы 30 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ-да Тарих және құқық институтының 3 курс докторанты Игорь Крупконың «Олжас Сүлейменовтің әлем рифмалары мен бейнелік поэтикасы» тақырыбында дәрісі өтті.
Дәріс «XIX - XXI ғ.ғ. басындағы қазақстандық бейнелердің тарихы мен визуалды антропологиясы: эволюциясы мен субъектінің қалыптасуы» жобасы аясында, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Т.Т. Далаеваның жетекшілігімен Қазақстан Республикасында толерантты, көпмәдениетті және интеллектуалды қоғамды қалыптастыру мақсатында «Рухани жанғыру» идеяларының контекстінде жүрді.
Дәріс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойын ұлттық және халықаралық деңгейде атап өтуге арналған. Коронавирустың таралуынан туындаған әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, дәріс онлайн форматта оқылды.
Белгілі ғалымдар-тарих, әдебиеттану мамандары, студенттер, жас зерттеушілер, қазақ-неміс қоғамының басшылығы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің әдеби сын институты мен ЮНЕСКО өкілдері тыңдаушы ретінде дәріске және одан кейінгі талқылауға қатысты. Талқылау барысында ғылым мен мәдениет саласындағы одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.