Главная
Новости
14.10.2021 Абай атындағы ҚазҰПУ-ға INALCO Директорлар кеңесінің мүшесі Катрин Пужоль келді
2021 жылдың 12 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне INALCO Директорлар кеңесінің мүшесі, Сорбонна (Франция), INALCO Ұлттық Шығыс тілдері және өркениеттері институтындағы Орталық Азия тарихы мен өркениетінің профессоры, INALCO-дағы Ресей және Еуразиялық зерттеулер орталығының басшысы, тарих ғылымдарының докторы Катрин Пужоль достық іс-сапармен келді.
Бұл кездесуге француз тарапынан: Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Бас консулы Алексис Шахтахтинский, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрметті профессоры Катрин Пужоль, Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры Кристин Бутейе (Франция) қатысты. Француз делегациясын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов қабылдады.
Кездесу барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты мен INALCO университеті (Франция) арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелері мен алдағы даму перспективалары талқыланды. Осылайша, Катрин Пужоль ханым Сорбонна-Қазақстан институты Қазақстан мен Франция арасындағы білім беру және бірлескен ғылыми ынтымақтастық саласындағы табысты ынтымақтастықтың ең үлкен көпірі екенін атап өтті.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Бас консулы Алексис Шахтахтинский Сорбонна-Қазақстан Институтын екі мемлекет басшылары ашқан: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев және Француз Республикасының Президенті Ф.Олланд жоғары білім беру жүйесінің даму мәнмәтініне толық сәйкес келетін маңызды бірлескен жоба екенін атап өтті. Бірлескен ынтымақтастық аясында қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыруға, жоғары деңгейдегі бірлескен мәдени және ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған үлкен жұмыс атқарылды, ал Сорбонна-Қазақстан институты Орталық Азия өңірінде үлкен танымалдылыққа ие болып отыр. ЖОО-ның барлық келісімдері мен бекітілген стратегиясына сәйкес Сорбонна-Қазақстан институты белгіленген міндеттерді іске асыру қажет. Өз кезегінде француздық әріптес жоғары оқу орындары ынтымақтастықты жалғастыруға және білім беру саласы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-мен ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашуға дайын.
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов Сорбонна-Қазақстан институты Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бір бөлігі екенін және екі мемлекеттің құндылықтарына негізделген өзінің терең дәстүрлеріне ие екенін атап өтті. Сорбонна-Қазақстан институтында сапалы деңгейге корпоративтік менеджмент жүйесі қойылған, шешімдер алқалы түрде қабылданады. Сорбонна-Қазақстан институты барлық әлеуетке ие сондай-ақ ғылыми-зерттеу және білім беру бағыттары саласындағы Франко-қазақстандық өңірлік білім беру бағытына айналуға тиіс. Ол жоғары сапалы академиялық және кәсіби бағдарламалары бар Институт ретінде ғана емес, сонымен қатар ұлттық және халықаралық деңгейде өткізілетін үлкен қоғамдық қызметпен де танымал. Абай атындағы ҚазҰПУ Француз әріптес жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты бағалайды, осы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, оның ішінде педагогикалық бағыттар бойынша жаңа бағдарламалар ашуға мүдделі.
Келіссөздер барысында профессор Катрин Пужоль «Халықаралық қатынастар» магистранттарына арналған қос білім беру бағдарламасы бойынша дәріс оқитынын хабарлады. Алматыға сапары барысында Парижден Француз ғалымдарына шығатын гибридті форматтағы магистрлік диссертациялар қорғалатынын айтты.
Тараптар достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екендерін білдірді.
|