қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
05.03.2019

«Жоғарғы оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін дамыту» халықаралық семинары

 

6-7 наурызда Алматы қаласында, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жоғарғы оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін дамыту» халықаралық семинары өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Эразмус+ бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық офисі, Еуропалық Комиссияның Білім беру, аудиовизуалды және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің 40-тан астам жоғары оқу орындары және басқа да ұйымдарының топ-менеджерлері мен сарапшылары қатысады.

 

Негізгі баяндамашылар сапа кепілдігі бойынша халықаралық сарапшы Люсьен Боллаерт (Lucien Bollaert) және Еуропалық университеттер қауымдастығының Институционалдық даму департаментінің директоры Тиа Луколла (Tia Loukkola).

 

Семинар аясында Еуропалық жоғары оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін құру принциптері, тәсілдері және озық тәжірибесін талқылау және Орталық Азияда жоғары оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.

 

Өткізілетін уақыты: 2019 жылдың 6-7 наурызы, сағат 9.00-17.00.

 

Өткізілетін орны: Алматы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ, бас оқу ғимараты, конференц-зал.

 

Аккредитация бойынша келесі телефондарға хабарласыңыз: Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының ұлттық кеңсесі: +7 777 121 70 70, Асматуллаева Н.С.