қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.11.2021

Методикалық вебинар «Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері»

 

2021 жылдың 28 қазан күні Филология және көптілді білім беру институты Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының оқу-әдістемлік бірлестікке жауапты аға оқытушы Н.Н. Конкабаеваның ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшеліктері» методикалық вебинары өтті. Спикер доцент Р.У.Арзиев болды. Вебинарды институт директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.Е. Есіркепова  және институттың оқу-әдістемелік бірлестік жетекшісі  А.Н. Юсуп ашты. Вебинарға институт оқытушылары белсенді түрде қатысты.

 

Семинарда спикер тарапынан алдымен ҚР орта білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары, маңызы туралы қысқаша ақпарат берілді. Кейін Р.Арзиев негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінің «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларының құрылымына, мазмұнына тоқталды. Бағдарламаларда «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша негізгі дағдылардың және оларға жетелейтін оқу мақсаттары жүйесінің ұлттық және халықаралық үздік тәжірибелер негізінде жасалғанын, олардың, шын мәнінде, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыратынын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, спикер мұғалімдер оқу мақсаттары негізінде сабақты тиімді ұйымдастыруы үшін жеткілікті деңгейде қосымша әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілгенін айтты.