қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.11.2021

«Еріктілік: оның мағынасы мен маңызы» ашық тәрбие сағаты


2021 жылдың 1 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ «Еріктілік: оның мағынасы мен маңызы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. «Ағылшын тілін меңгерген шығыс(кәріс) тілі пәні мұғалімі» мамандығында оқитын 101-ші және 102-ші топ студенттері еріктіліктің тарихымен, маңызымен және Қазақстанда қандай еріктілер тобы барымен танысқан болатын. Студенттер ашық сабаққа белсене қатыса отырып, кейбір студенттер осы тақырыпқа өздерінің жасаған презентацияларымен бөлісті. Төменде студенттердің сөздерінен қысқаша үзінді келітірілген:

 

«Еріктілік - қоғамнан ақшалай сыйлық алмай басқаларға көмектесу емес, бұл жүрегіңнің түбінен шығатын жылулық. Еріктілік жүректен шықса ғана басқаларға көмегін тигізеді. Еріктіде ерліктің үлгісі бар демекші ерікті болу үшін де батылдық керек. Адамдарға өз еркімен көмек беріп, қоғамның дамуына өз үлесін ешқандай сыйақысыз қосатын адамдар қоғамымыздың айнасы. Еріктілер саны көбейген сайын еліміз де көркейе беретіні сөзсіз».