қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.11.2021

Абай атындағы​ ҚазҰПУ докторанты шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті


2021 жылдың 25 қазаны мен​ 5 қараша аралығында​ Педагогика және психология институтының «8D012-Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы» мамандығының 3 курс докторанты Нурбекова Салтанат Киев қаласында (Украина) Борис Гринченко атындағы Киев университетінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Тағылымдама мақсаты - ғылыми еңбектерді талдау және зерттеу, зерттеу тақырыбына қажетті материал жинау, оқу үдерісіне және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу, тәжірибе алмасу.

 

Тәжірибе барысында докторант «012-Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша жоғары оқу орнының аспиранттарына жүргізген п.ғ.д., профессор Л.В.Козактың дәрістері мен тәжірибелік сабақтарына қатысты.

 

Институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары Паламар С.П. және Козак Л.В. институт ғимаратына экскурсия жүргізіп, университет пен кафедраның тарихымен, құрылымымен және жұмыс бағыттарымен, педагогикалық институттың тәжірибелік оқыту орталықтары базасындағы демонстрациялық студиялармен таныстырды.

 

1. Инновациялық білім беру технологиялары орталығы (ICR).

 

Орталық Эразмус+ бағдарламасының «Инновациялық оқыту құралдарын (МОПД) пайдалана отырып, жоғары педагогикалық білім беруді жаңғырту» халықаралық ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс істейді.

 

Ғылыми кеңесшісі -​ профессор​ Л.В.Козактан «Мектепке дейінгі ересек ​ жастағы балалардың креативтік әлеуетін ойын арқылы​ ​ дамыту» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша кеңес алынды.​ Зерттелетін жұмыстың эксперименттік бөлігінің нәтижелерін жетілдіру талқыланды.

 

Польша, Беларусь, Кипр елдерінің ғылыми-педагогикалық қызметкерлері, оқу орындарының практикалық қызметкерлері мен ғалымдары қатысқан «Педагогтерді дайындаудың жаңа стратегиясы: қоғамдық сұраныс, білім беру тенденциясы» III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына қатысты. «Ойын - мектеп жасына дейінгі балалардың креативтік әлеуетін дамыту құралы» тақырыбында баяндама жасады.

 

Б.Гринченко атындағы университеттің мектепке дейінгі тәрбие және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың мектепке дейінгі тәрбие, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедраларының онлайн отырысы ұйымдастырылды. Ғылыми кадрлар даярлау және одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесуге ол тараптан ​ институт директоры О.В.Котенко, директордың ғылым жөніндегі орынбасары Паламар С.П., кафедра меңгерушісі Половина Е.Н., докторанттың ғылыми жетекшісі Козак Л.В., аспиранттары және Абай атындағы ҚазҰПУ докторанттардың эдвайзері Абитова Г.Т., ғылыми жетекшісі Әлімбекова А.А., мектепке дейінгі тәрбие, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының оқытушылары, докторанттары қатысты.

 

Мектепке дейінгі білім беру кафедрасы тарапынан экскурсиялық мәдени бағдарламалар ұйымдастырды. Киевтің тарихымен, ерекшеліктерімен және көрікті жерлерімен таныстырды.

 

Тағылымдама нәтижелі өтті, жинақталған тәжірибе ғылыми диссертация бойынша әрі қарай жұмыс істеу барысында ​ және оқытушылық қызметте қолданыс табады деп ойлаймыз.