қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.11.2021

Тарих және құқық институтының оқытушылары Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті​


2021 жылдың 25 қазанынан 6 қарашасына дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарыих және құқық институты​ «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары -​ ​ зерттеуші-профессор Хамзина Ж.А., аға оқытушылар Байсымакова Д.С., Белхожаева Д.Ж. және Тұрлыханқызы Қ. профессор Е.А. Бөрібаевтың жетекшілігімен​ ​ Янки Купала атындағы Гродно​ мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы) заң факультетінде «Тұлғаның әлеуметтік-еңбек құқықтарын соттық және медиация нысандарында қорғау» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті.


Ғылыми тағылымдама нысанындағы оқытушылардың біліктілігін арттыру 72 академиялық сағат көлемінде​ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын гранттық ғылыми жобаны орындау аясында жүзеге асырылды.