Главная
Новости
08.11.2021 Спорт -денсаулық кепілі 2021 жылдың 6 қарашасында «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасында 1-3 курс студенттерінің арасында волейболдан спартакиада өтті. Шараның мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын нығайту, дене шынықтыру мен спортқа деген құштарлығын арттыру. Жарыс нәтижесі бойынша төмендегі топтар сайысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болды: 1-ші курс - «Сұңқарлар»; 1ші курс - «Динамо» - 3 орын; 1-ші курс - «Абай» - 2 орын; 1-ші курс - «Спартак»; 2-ші курс - «USHQYN-ALAKOL» - 1 орын; 3-ші курс - «Патриоты НВП». Одан бөлек, белсенді студенттер әр түрлі номинациялармен марапатталды: «Үздік ойыншы» - «6В01408 - Бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2-ші курс қазақ бөлімінің студенті Адилханов Дамир.
«Үздік тосқауылшы» - «6В01408 - Бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-ші курс қазақ бөлімінің студенті Тохтасынов Диас.
«Үздік байланыстырушы» - «6В01408 - Бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-ші курс қазақ бөлімінің студенті Исағұл Дарын.
«Үздік байланыстырушы» - «6В01408 - Бастапқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1-ші курс қазақ бөлімінің студенті Бейсенбай Ердос. Студенттерімізді марапаттармен құттықтаймыз!
|