қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.11.2021

Терроризммен күрес - ортақ міндет

 

2021 жылдық қараша айында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетіне қарасты ЖОО дейінгі дайындық бөлімі оқытушылары мен тыңдаушылары арасында университетіміздің Басқарма төрағасы- ректоры Д.Біләловтың «Терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөнінде комиссия құру туралы» 2021 жылғы 11 қазанда бекітілген бұйрығына сәйкес ережелер таныстырылды.

 

Іс-шараға факультетіміздің оқытушылар мен тыңдаушылар құрамы қатысты. Оларға университетімізде осы бағытқа сәйкес құрылған жоспардың мазмұны түсіндіріліп, жүргізіліп жатқан шаралар жайында айтылды.

 

Өткізіліп отырған іс -шараның мақсаты: қоғамға іріткі салушы экстремизм мен терроризмді тамырымен жою, оны болдырмаудың алдын алу, әсіресе жастар арасында бұл нәрселердің қауіптілігін, келтірер залалын ашып, түсіндіру болып табылады.

 

Терроризм - ең алдымен өз идеологияларын дамытады, бұлыңғыр болса да үнемі саяси мақсат көздейді, белгілі бір мүддесі болады. Олар жастарды теріс ағымның арбауына тартудың түрлі айла тәсілдерін қолданады: уағыздар айтумен қатар, кітап, журнал, әлеуметтік желі арқылы діни мазмұндағы кітапшалар таратып, діни сауаттылы аз жас ұрпақты алдарында жарқын болашақ пен жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр деп үміттендіреді. Терроризм - сүттей ұйып отырған отбасы мен ел бірлігін шайқалтуға, жікшілдікке, адасуға, ел ішінде туындауы мүмкін бөлінулерге әкеліп соқтырады. Сондықтан, лаңкестікпен күрес -әрбір қазақстандықтардың борышы болып табылады.

 

Сөз соңында, тыңдаушылардың осындай нәрселерден сақ болып, өзі білмейтін адамдармен байланыс орнатпау керектігі айтылды.

 

Шара терроризмге қарсы тұрудың өзекті мәселелерін талқылауға арналды.