қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
04.04.2019

Әлеуметтік жобаларды және тәлімгерлерді іріктеуге арналған «Жас жоба» гранттық конкурс

 

Жастар корпусын дамыту жобасы - бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны іске асыруды Үйлестіру агенттігі жүзеге асырады.

 

Мақсаты - жастарды қоғамдастықтың өміріне тарту, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.

 

Қатысушылар: 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар (оқушылардан басқа).

 

Жоба төрт компонентті қамтиды:

- жастардың топтарына әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған 1 000 000 теңгеге дейінгі гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну;

- жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бойынша оқыту;

- жастардың осал топтарымен жұмыс істеу;

- тиімді ақпараттық-түсіндіру науқаны мен кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін іске асыру.


Жобаның қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды басқарудың бағдарламасы бойынша үш кезеңдік оқытудан өтеді, алты ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырады, сондай-ақ, ай сайынғы шәкіртақылар: ЖОО-ның түлектері - 60 000 теңге, қалған барлық қатысушылар - 40 000 теңге алады. Сонымен қоса, барлық қатысушылар өз жобаларын іске асыру кезінде менторлардың қолдауын алады.

 

Жобаны іске асыру аясында қабылдаушы ұйымдардың конкурсы, менторларды іріктеу бойынша конкурс және жастар үшін гранттық конкурс өткізіледі.

 

15 сәуірге дейін сіздердің өтінімдеріңізді күтеміз!

 

Осы жылы өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!


Жоба туралы толық ақпараталу үшін сілтеме бойынша өтіңіз:

https://zhasproject.kz/ru/page/about-project

Өтініш беру үшін сілтеме бойынша өтіңіз:

https://zhasproject.kz/ru/registrations/beneficiary/

 

Ойыңыздағы жобаны қалай іске асыру керектігі туралы кеңес алғыңыз келсе, ҚазҰПУ-дың Технологияларды коммерцияландыру офисіне хабарласыңыз!


Технологияларды коммерцияландыру офисінің мекен-жайы:
Қазыбек би көшесі, 30, корпус № 1, 218 кабинет.


Тел.: 291-64-58