қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
15.11.2021

Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының магистранты «ТМД-ның үздік жас ғалымы-2021» дипломмен және медалімен марапатталады

 

Филология және көптілді білім беру инcтитуты «7М01702 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс магистранты, Назарбаев стипендиаты Рабиға Жәкенова (ғылыми жетекшісі - доцент З.Н.Поляк) тағы бір марапатқа ие болды. «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының білім беру мекемелері арасындағы «Үздік жас ғалымдар-2021» жобасының қатысушысы бола отырып, ол ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін II дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды.


Дарынды жас зерттеушіні құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз!