Главная
Новости
16.11.2021 Біз және «Академиялық адалдық» кодексі
2021 жылдың 15 қарашасында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультетіне қарасты ЖОО дейінгі дайындық бөлімі тілдік дайындық тыңдаушылары арасында осы айда өткізілген «Біз және «Академиялық адалдық» кодексі» тақырыбындағы эдвайзерлік сағаттарының есебі тыңдалды және оқу үдерісінің барысы талқыланды.
Коррупциялық іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында әр эдвайзер өз топтарында «Академиялық адалдық» саясатын бұзушылықты болдырмаудың алдын алу шараларын сақтау, кез-келген академиялық норма бұзылған жағдайда қандай шаралар қолданылатыны туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігі атап көрсетілді. Сонымен қатар, топ жетекшілері емтихан кезінде осы талаптардың сақталынуы қадағаланатындығы жайында ескертілгені және тыңдаушыларылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап берілгендігі туралы атап өтті.
Тыңдаушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу үшін жыл бойында үздіксіз жұмыстар жүргізіп отыру қажеттігі атап көрсетілді
|