Главная
Новости
18.11.2021 «Ozim Platform даму ерекшеліктері бар балалардың ата-аналарына арналған мобильді қосымшасы» тақырыбы бойынша инклюзивті білім берудің Виртуалды зертханасының 16-шы вебинары
Инклюзивті білім берудің ресурстық консультативтік орталығында 2020 жылдың 29 сәуірінен бастап инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасы ұйымдастырылып, консультативтік-әдістемелік іс-шараларды жүзеге асыруда (ұйымдастырушы және модератор - профессор Мовкебаева З.А.). Виртуалды зертхананың мақсаты - арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы озық теориялық және практикалық тәжірибені ұсыну және тарату.
Виртуалды зертхана қызметінің шеңберінде және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің педагогтар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымының Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылға арналған инклюзивті және арнайы білім беру, 2021 жылғы 18 қарашада «Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына арналған Ozim Platform мобильді қосымшасы» тақырыбында 16-шы вебинар өтті.
Осы вебинардың спикері ретінде «Ozim Platform» жобасының тобы шақырылды, Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебі түлектерінің бастамашыл тобы, құрамында құрылтайшысы және басшысы - Әсем Тәжиева, қосалқы құрылтайшы және менеджер - Дана Мәмбеталина, қосымша негізін қалаушы және менеджер - Мария Ипполитова.
Вебинарға облыстық және аудандық білім басқармаларының өкілдері, мектепке дейінгі, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының әкімшілігі мен педагогтары қатысты.
|