қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.11.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ түлегіне Польша университетінде ғылыми дәреже берілді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавр және магистратура түлегі Максим Пономаренко Слупск қ. (Польша) Помор академиясының докторантурасындағы оқуын тәмамдап, диссертациясын сәтті қорғаумен аяқтады. Оған «Әдебиеттану» пәні бойынша гуманитарлық ғылымдар докторы дәрежесі берілді.


Максим Пономаренко - талантты жас зерттеуші ғана емес, Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени байланыстардың энтузиасты. Польша университетіндегі Абай атындағы Қазақ ғылымы мен мәдениеті орталығының үйлестірушісі болып жұмыс істей жүріп, ол біздің елдеріміз арасындағы ғылыми және мәдени өзара іс-қимылды дамыту үшін көп жұмыс жасауда.


Жас ғалымды құттықтаймыз және оған табыс тілейміз!