қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.01.2017


Абай атындағы ҚазҰПУ мастер класс өтті

 

2016 жылдың 27 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында Ғылыми - инновациялық парк жанындағы Ғылыми - техникалық жобалардың нәтижелерін коммерциализациалау бөлімінің ұйымдастыруымен мастер класс өткізілді. Мастер классты «Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес жаттықтырушысы  Лазерова Л. жүргізді.

 

Мастер класс өткізудің мақсаты, коммерциализациялау саласындағы кәсіпкерлік белсенділікті арттыру арқылы нарықтағы практикалық аспектілермен қатысушыларды таныстыру.

 

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру , жеке кәсіпкерлік қызметтің және ғылыми жұмыстардың нәтижелерін, әр түрлі бағыттағы бизнес идеаларды  коммерциализациялаудың артықшылықтары туралы сұрақтарға жауап берілді.

 

Университет қызметкерлері мен бизнес жаттықтырушының арасында ынтымақтастық пен кәсіпкерлік қызметті дамыту саласында қарқынды пікір алмасу жүрді. Мастер классқа университет қызметкерлері мен студенттер қатысты.

 

ҒТЖНКБ