қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
22.11.2021

Студенттер үздіксіз тәжірибеден өтіп жатыр

 


 

Таяуда Алматы қалалық білім басқармасы мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында арнайы меморандум жасалып, педагогикалық кадрлардың үздіксіз тәжірибеден өтуіне байланысты нақты қадамдар бекітілген болатын. Университет ректоры Дархан Біләловтің айтуынша, жоғары оқу орындарының басшылары педагогикалық жоғары оқу орны мен орта білім беру орындары арасындағы бірлескен жұмыстарды, студенттердің өндірістік тәжірибені қалай өтіп жатқандығы туралы дер кезінде біліп отыр­уы ынтымақтастық аясындағы маңызды шарттардың бірі.

 

Осы орайда ынтымақтастық шарт­тарын жүзеге асыру мақса­тын­да қаладағы №19 орта мектепте Абай атындағы ҚазҰПУ Мате­ма­ти­ка, физика және информатика институтының 4-курс студенті Әсем Сағымбек математика пәнінен аш­ық сабақ өтіп, оған университет рек­торы Дархан Біләлов, Медеу аудандық білім беру бөлімінің бас­шысы Ағайша Сапарова, №19 жалпы білім беретін мектептің директоры Айымгүл Иманғалиева, директордың оқу ісі жөніндегі орын­басары Шыңғыс Әбдіманап, сон­дай-ақ педагогикалық практика жетекшісі Лариса Жадыраева қатысты.

 

Д.Біләлов болашақ педагогпен кері байланыс барысында прак­ти­канттың педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдануына қатысты өз пікірін айтып, тәжірибесімен бөлісті. Ол №19 мектеп оқушы­ла­ры­­мен және бір жылдық тәжіри­бе­ден өтіп жатқан студенттермен кездесіп, түрлі мәселелер бойынша ой бөлісті. Ректор университет басшылығының қатысуымен өтетін ашық сабақтар топтамасы алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтіп, ендігі кезекте университеттегі проректорлар мен институт директорлары екі апта бойы ашық сабақ­тар­ға қатысатындығын жеткізді.

 

Меморандум аясында универ­си­тет студенттеріне кәсі­би дағ­дыларын дамытуға, тағылым­да­мадан өтуге және түлектердің жұ­мыс­қа орналасуына байланысты кеңестер беріліп, жастар саясаты сала­сындағы тиімді ынты­мақ­тас­тық есебінен зият­кер­лік элитаны қалып­тас­ты­ру­ға бағытталған басым­дықтарды, бірлескен мәдени-білім беру бағдарламалары мен жобаларды жүзеге асыру, жоғары оқу орындары мен жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмыстары іске асатын болады.

 

22.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz