қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.11.2021

Оқытушылар жаңа жағдайдағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті

 

Әр педагогтің жеке жұмыс жоспарындағы 30 сағаттық мектеппен жұмыстың аясында БББ кәсіби даярлау бөлімі оқытушылары  Кдырбаева А.А. мен Рябова Е.В. 2021 жылдың 24қарашасында МҚПУ базасында өткен «Өзгеру кезеңіндегі білім берудің жаңа шешімдері» атты конференцияға А.Жұбанов атындағы №5 орта мектеп  (Қапшағай қ.)  мұғалімдерінің баяндамаларын дайындауға жетекшілік етті. Ли Наталья Николаевна «Оқушыларды олимпиадаға даярлаудың 5 құпиясы» тақырыбында баяндама жасады. Клименко Любовь Викторовна «Кіші мектеп жасындағы оқушының табысты жұмыс жазуының 7 қадамы» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.  Шереметова Вера Александровна «Жобалау әрекеті арқылы дарындылықты дамыту» атты баяндамасын ұсынып, өз тәжірибесімен бөлісті. Зуева Юлия Валерьевна «Керемет жазамын» атты жас жазушылар клубының ұйымдастырылғаны жайлы айтып өтті. Біздің университетіміздің студенттері қатысып отырды. Келесі жылы іс-шараға олар өз баяндамаларымен шығады деген сенімдеміз.