қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
25.11.2021

Алматыда тарихшылар белгілі батыр Әжібай Найманбайұлын еске алды

 



«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тың деректерден құрастырылған жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

 

Алматыда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тарихи тұлға Әжібай Найманбайұлының есімін қайта ұлықтап, тарихшы ғалымдар бас қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында зерттелген тың деректерді жинақтап, жиында жаңа кітаптың тұсауын кесті. Сондай-ақ егемендіктің қадірін түсініп, азаттық жолында құрбан болған жандарды ұмытпауға шақырды.

 

«Әжібай Найманбайұлы - қазақ батырларының ішіндегі ең ерекшесі. Өзінің ерліктерімен қазақтың рыцары ретінде танылған. Жалпы, жауына да сыйлы, еліне де құрметті болған», - деді саяси ғылымдарының докторы Жомарт Симтиков.

 

Әжібай Найманбайұлы - ел басына күн туған сәтте жауға тойтарыс беріп, жоңғар шапқыншылығы салдарынан бытырап кеткен елдің басын қосқан батыр. Ол жұртты Атамекенге қайта жинап, егін шаруашылығымен айналысуға жол көрсетіп, орынды шешім қабылдауда жөн сілтеп отырған. Тарихи тұлға туралы деректер отаршылдық тұсында жойылып, тізгін қолға тигенде қайта зерттелді.

 

«Бейітін де таптым. Бейіті Түркістанда қойылған екен. Сосын ауылда батырдың есіміне арнап мешіт салдым. Кеңес Нүрпейісов деген ағамызға айтып, бірлесіп тарихты зерттеп, бірінші кітапты шығардық. Қазір, міне, сол кісінің ұрпағы тағы 1-2 кітап шығарыпты», - деді ҚР Профилактикалық медицина академиясының академигі Кеңесбай Үшбаев.

 

25.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv