қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.01.2017

 

Гжельск мемлекеттік университетінің өкілдері

 

2017 жылдың 5 қаңтар күні Гжельск мемлекеттік университеті (РФ) өкілдері ректоры Илькевич Борис Владимирович басшылығымен ресми сапармен келді. Делегация құрамында Халықаралық бөлімнің басшысы Баркалова Наталия Валериевна мен көркемөнер мектебінің директоры Илькевич Наталья Аркадьевна болды. Гжельск университетінің өкілдері Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры М.Е. Ермағанбетов, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Б.А. Альмухамбетов және Халықаралық қатынастар басқармасаның басшысы Н.А. Абуевамен жолықты.
Делегация өкілдері қазақстандық әріптестеріне өздерінің жоо таныстырып, университеттері қандай бағыттарға басымдық беретіндерін атап өтіп, алдағы уақыттағы ынтымақтастықтың шарттарын айқындап екіжақты келісімге қол қойды.
Гжельск университеті Ресей жоо оқу орындарының ішіндегі тарихы тереңге жайылған университеттің бірі. Қолданбалы және бейнелеу өнері басты бағыты болып отырған бұл жоо педагогикалық бағытын дамыту мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ тәжірибе алмаспақ. Ресей қонақтары университетіміздің мұражайын тамашалап, оқытушылар, студенттер жасаған жәдігерлерді көріп, Өнер, мәдениет және спорт институтының кафедраларымен танысты.