қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
17.01.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми-инновациялық паркінің институттармен кездесуі


2017 жылдың 10-13 қаңтар аралығында ҚазҰПУ 7 институтында «Коммерциялауға кіріспе және жаңартпа стартаптары» тақырыбында жиын өткізілді.
Бас қосудың модераторлары: Ғылыми-инновациялық парк директорының орынбасары -Б.Т. Еділбаев, ҒТҚН коммерциялау бөлімінің басшысы - В.С. Лысенко, инспектор - А.Ж. Ахметова.

 


Жиынның мақсаты: коммерциялау саласындағы кәсіпкерлік белсенділікті нарықтағы технологияларды практикалық аспектілермен ілгері дамыту арқылы ынталандыру.


Шараға институт директорлары, директордың орынбасарлары мен профессор оқытушылар құрамы қатысты.

Жиында әр түрлі бағыттағы өзара тиімді бизнес идеялар негізінде талап етілген бизнес инновацияны кәсіқой ортада құру, инновациялық стартап-жобаларды жасау және жүзеге асыру, Ғылыми-инновациялық парктің 2017 жылға мақсаты мен міндеттері, сонымен қосы «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерциялау туралы» ҚР заңы және ғылыми бағыттағы тиімділікті арттыратын «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамы» бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған басқа да заңдар, ғылым мен ғылыми-технологиялық қызметтің нәтижесін коммерциялық ынталандыру жолымен экономиканың басым секторларында инновацияны және жоғарытехнологиялық өндірісті енгізу деңгейі, ғылыми-техникалық жұмыстарға жеке кәсіпкерлікті тарту туралы мәселелер талқылынды.