қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
02.12.2021

Халықаралық ынтымақтастық нығайып келеді

 

2021 жылдың 1 желтоқсанында Ғылым департаментінің қолдауымен Абай атындағы ҚазҰПУ, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы және Германияның Констанц университетінің филолог-докторанттарының заманауи қазақстандық жазушы Юрий Серебрянскийдің әңгімелерін талдау бойынша бірлескен пилоттық сабағы өтті.

 

Сабақтың модераторлары филология ғылымдарының докторы, Констанц және Цюрих университеттерінің ғылыми қызметкері О.Д. Буренина-Петрова және Цюрих университетінің «Meidalanscapes of Russian Literature: Text Reading» жобасына қосарлас оқытушы ретінде шақырылған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың зерттеуші-профессор Л.В. Сафронова болды.

 

Жоба MООК аясында Швейцарияның Лозанна университеті, Германияның Констанц университеті, Хорватияның Загреб университеті, Санкт-Петербор мемлекеттік университеті және Абай атындағы ҚазҰПУ-мен коллаборациясында Цюрих университетінің платформасында ашық онлайн-курс құруды көздейді.