Главная
Новости
03.12.2021 Жамбыл Жабаевтың шығармалары Татарстан төрінде насихатталды
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институты «Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубы 2021 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы және Казань федералдық университеті Филология және мәдениетаралық коммуникация институтының ұйымдастыруымен өткізілген Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған конференцияға қатысты. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов., Ресей Федерациясының Қазан қаласындағы сыртқы істер министрлігінің өкілі Радик Вахитов., философия, саясаттану және дінтану Институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Серік Сейдуманов., филология және мәдениетаралық коммуникация институтының жалпы тіл білімі және түркология кафедрасының профессоры Альфия Юсупова., филология және көптілді білім беру институтының аға оқытушысы Роза Бақбергеновалар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды.
Конференция барысында жыр сүлейі Жамбыл Жабаевтың өлең-жырлары КФУ және Абай атындағы ҚазҰПУ-дің студенттерінің қатысуымен мәнерлеп оқылды, шығармашылығы насихатталды. «Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының мүшелері Айбын Ахмадиев домбырада композитор Н.Тлендиевтің Жамбылға арнаған «Ата толғауы» күйін орындаса, Гаухар Ортай, Ерасыл Орысбек және КФУ студенттері Рената Садыкова, Айнур Нябаров Жамбыл Жабаевтың танымал шығармаларын қазақ, татар жіне орыс тілдерінде оқыды. Филология мамандығының 4-курс студенті Ерлік Жақыпбайдың орындауында «Желтоқсан желі» әні домбырады шырқалды. Шара соңы конференцияға қатысушы қос тараптың ізгі тілектері мен жылы лебіздерімен аяқталды.
|