қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
09.12.2021

«Құқықтану» мамандығының 3 курс студенті жүлделі орынға ие болды

 

2021 жылдың 08 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің ұйымдастырумен, халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ ғылыми кеңесшісі, «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің үйлестірушісі, Алматы қаласы бойынша «Адал көмек» жобасының жетекшісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Усейнова Гулнар Рахымжанқызын еске алуға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


Конференцияны Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Е.З.Тұрғымбаев ашып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы М.Д.Ахметов құттықтау лебіздерін білдіріп, конференцияға қатысушыларға сәттілік тіледі.


Конференция соңында, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» республикалық олимпиадасының жеңімпаздарын анықталып, Тарих және құқық институты, Құқықтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Қалқаева Несібелі Бақытқызының жетекшілігімен,«Құқықтану» мамандығының 3-курс студенті Даулетханова Айнұр III-дәрежелі дипломмен марапатталды.