қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
13.12.2021

«Жақсылық жолымен» қайырымдылық жәрмеңкесі

 

2021 жылдың 7-9 желтоқсаны аралығында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен, Г.Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» клубының ерікті-студенттері, Мұстафаев Бекзатқа Беларусь елінде бүйрек трансплантациясын жасату үшін, емине қаражат жинау мақсатында «Жақсылық жолымен» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді.


Атап өткен жөн, ізгілікті шара өткізу идеясы 7 желтоқсанда Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің директоры Қ.Бекпенбетова және Педагогика және психология институты директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д.Идрисов, мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ұ.Қияқбаеваның қатысуымен Педагогика және психология институтында бастау алып, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен университетіміздің барлық институттарының бірлесе атсалысуымен өткен қайырымдылық жәрмеңкеге ұласты.


«6В01801 -Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша 2-3 курстың ерікті-студенттері ұйымдастырған «Жақсылық жолымен» қайырымдылық жәрмеңкесі, Сорбонна-Қазақстан институты, Математика, физика және информатика институты, Филология және көптілді білім беру институты, Жаратылыстану және география институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Әскери кафедра, Тарих және құқық институттарының барлық ұжымын біріктірді.


«Мейірім» қайырымдылық клубы әлеуметтік қолдауға мұқтаж Мұстафаев Бекзатқа көмек көрсетуге ұмтылған университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастарына белсенділік танытып, қайырымдылық шараға үлес қосқаны үшін, шын жүректен алғыс білдіреді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

«Мейірім» еріктілер клубы