қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
15.12.2021

«Химия ғылымы мен химиялық білім берудің заманауи аспектілері: теориясы және практикасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

2021 жылдың 13-14 желтоқсан күндері жаратылыстану және география институты, химия ББ тобының ұйымдастыруымен «Химия ғылымы мен химиялық білім берудің заманауи аспектілері: теориясы және практикасы» тақырыбындағы ҚРҰҒА Академигі, профессор Е.А.Бектұровтың 90 жылдық және профессор Б.А.Мансұровтың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Ашылу салтанатын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов алғы сөзбен бастап, конференция қатысушыларына сәттілік тілеп, құттықтау лебізін білдірді. Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова конференцияның отандық және шетелдік қонақтарымен таныстырды.


Пленарлық отырыста баяндама жасағандардардың тізімі: «Академик Е.А.Бектұровтің ғылыми-зерттеу қызметі», Полимерлік материалдар және технология институтының директоры, профессор Сарқыт Құдайбергенов; «Профессор Б.А.Мансұровтың оқу-әдістемелік жетістіктері», Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Күләш Каймулдинова; «Некоторые проблемы развития науки и образования», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жану мәселелері институтының директоры, академик, Зұлхаир Мансұров; «Совершенствование химического образования в Кыргызской Республике», профессор Бакдолот Кособаева, Қырғыз Республикасы; «Өзбекстандағы химияны оқыту әдістемесі», Фергана мемлекеттік университеті, химия кафедрасының меңгерушісі, профессор Миркозимжон Нишонов, Өзбекстан Республикасы; «Полимер-стабилизированные нанокатализотары гидрирование», Д.В.Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институтының зертхана меңгерушісі, профессор Алима Жармағамбетова; «Орта мектепте химия пәнін оқытудың тиімді педагогикалық технологиялары», Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Жеңіс Шоқыбаев; «Барит құрамды тау жыныстарын карботермиялық тотықсыздандыру арқылы пигменттер синтездеу», Абай атындағы ҚазҰПУ-дың доценті Мелдебек Жақсыбаев; «Интерполимерные комплексы: история, основные достижения и применение в фармации и биомедицине», Рединг университетінің профессоры, Виталий Хуторянский, Ұлыбритания; «The study of interaction 1,4-bis(1,2,5-trimethyl-4-oxypiperidil-4)-butadine-1,3 dihydrochloride with sodium alginate», Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Гүлжәмила Мейірова.


Пленарлық отырыста спикерлер қазіргі білім мен ғылымның проблемалары туралы өзекті мәселелерді көтеріп, өз ойларымен бөлісті. Ректорат басшылығы мерей той иелеріне шапан жауып, гүл шоқтарын ұсынды.