қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.12.2021

Инклюзивті жəне арнайы білім беру саласындағы мамандардың біліктілігін арттырудың өзекті мəселелері талқыланды

 

2021 жылғы 22 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы қоғамдық кеңесінің 2021 жылға арналған инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы педагог қызметкерлер мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс жоспарына, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ базасында РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігінің (ЖБТ) кезектен тыс онлайн-отырысының ұсынымдарына сәйкес (2021 жылғы 5 қараша), Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР жоғары оқу орындары үшін инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы ҚР БҒМ РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бірлестігімен (ЖБТ) бірлесіп Абай атындағы ҚазҰПУ базасында «Инклюзивті жəне арнайы білім беру саласындағы педагогтар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттырудың өзекті мəселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы және модераторы - ҚР жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры, инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы педагогикалық қызметкерлер мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ТМД қатысушы-мемлекеттердің базалық ұйымының қоғамдық кеңесінің өкілі, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Зульфия Мовкебаева.

 

Дөңгелек үстел жұмысына А.С. Пушкин атындағы ЛМУ проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы) Лариса Кобрина «Ғылыми-педагогикалық мектеп-жоғары білім берудің кәсіби бағдарламаларын жүзеге асыру сапасының негізі ретінде», Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының директоры Ғалия Абаева «Қазақстан Республикасындағы арнайы педагогтарды даярлаудың жағдайлары мен перспективалары», Украинаның ҰПҒА Миколи Ярмаченка атындағы Арнайы педагогика және психология институтының Ғалым хатшысы м.а.,есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру бөлімінің аға ғылыми қызметкері,педагогика ғылымдарының докторы (Украина, Киев қаласы)Владимир Шевченко «Украинада инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру», Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті логопедия кафедрасының профессоры,педагогика ғылымдарының докторы (Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы) ЛолаМуминова «Логопедтер біліктілігін арттыру: проблемалары мен перспективалары», М. Танк атындағы БМПУ педагогтарды басқару және кәсіби дамыту факультетінің деканы, біліктілікті арттыру және қайта даярлау институты,педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент (Беларусь Республикасы, Минск қаласы) Юлия Кислякова «Интеграцияланған және инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін педагог қызметкерлерді даярлаудың мазмұндық аспектілері», М.В. Ломоносов атындағы Солтүстік (Арктикалық) федералды университеті,психология ғылымдарының кандидаты (Ресей Федерациясы, Архангельск қаласы)Ирина Ляпина «Ресей Федерациясының арктикалық аймағында арнайы және инклюзивті білім беру жүйесіне педагогикалық кадрлар даярлау» тақырыптарында баяндамалар жасады.

 

Дөңгелек үстел жұмысына қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының жүзден астам өкілдері, облыстық және аудандық білім басқармаларының, білім беру ұйымдары әкімшілігінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел ZOOM платформасында өткізіліп, Youtube каналында көрсетілді.

 

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы шығарылады.