қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
26.01.2022

Абай университетінің студенттері «Түркі әлемінің үздік студенті-2021» конкурсының жеңімпаздары атанды

2021 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Түркі әлемінің үздік студенті-2021» республикалық конкурсы өтті. Аталмыш конкурста Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтының «Биология» мамандығының 3-ші курс студенттері Айдана Айдын мен Ақбота Сейдік қатысты. Олар «Студенттік өмірде менің жеткен жетістіктерім» тақырыбында эссе жазудан жеңімпаз атанып, 1-ші дәрежелі дипломдарды иеленді. Конкурс қорытындысы бойынша Айдана Айдын мен Ақбота Сейдік ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін «Түркі әлемінің үздік студенті-2021» жеңімпазы атанып, төсбелгі және арнайы куәлікпен марапатталды.

 

Біз университет студенттерімен мақтанамыз!

 

Айдана мен Ақботаны шын жүректен құттықтаймыз!