қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.01.2022

«Педагогикалық білім беруді жаңғырту» Қысқы мектебі


2022 жылдың 20-21 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Педагогикалық білім беруді жаңғырту» тақырыбында Қысқы мектеп өткізілді.


Қысқы сессияның бекітілген жоспарына сәйкес 20 қаңтарда Семей қаласындағы Шәкәрім университетінің профессоры О.М.Жолымбаев - «Қазақстан Республикасы мұғалімдерін ұлттық біліктілік тестілеуінің мәселелері мен жай-күйі»; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тестілеу орталығының директоры Д.Н.Исабаева - «Қашықтан басқару режиміндегі бақылау түрлерімен»; әлеуметтік ғылымдар (Психология) білім беру бағдарламасы бөлімінен педагогика ғылымдарының докторы А.Қ.Сатова, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.Ү.Бегалиева «Оқу процесінде сын тұрғысынан ойлау технологияларын пайдалану жолдары» және Ынтымақтастық департаментінің директоры А.Майс Халықаралық Британдық Кеңес пен ETS Global өкілдерінің қатысуымен «Ағылшын тілінің деңгейін растайтын халықаралық емтихандардың құрылымы: IELTS, TOEFL IBT» тақырыбында жоғары оқу орнының көкейтесті мәселелері талданды.


21 қаңтарда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Е.Ә.Бөрібаев «Жоғары оқу орындарындағы ғылыми зерттеулерді бағалау: ағымдағы жай-күйі және даму перспективалары» тақырыбында ақпараттық сипаттарға талдау жасады, Ғылым департаменті директоры Ұ.М.Әбдіғапбарова «Қазіргі кезеңде университетте зерттеу мәдениетін дамыту»; «Авторлық куәлік алудың механизмдерімен» заң ғылымдарының докторы Б.Қ.Төлеубекова мен заң ғылымдарының кандидаты Э.П.Кенжебекова ғылыми ақпараттармен бөлісті. «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ж. Шойынбет Хәкім Абайдың «Толық адам» ілімі концепциясымен таныстырды.
Сессияға институт директорлары және институт директорларының орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы, әдіскерлер және докторанттар қатысты.


Сессияға қатысушылар уақыт талабына, сұранысына сәйкес мазмұнды ғылыми-теориялық материалдармен танысып,спикерлерге іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыстарын білдіріп, ұйымдастырылған «Қысқы мептеп-2022» маңыздылығын ерекше атап өтті.