қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
29.01.2022

«Биология» cтуденттік ғылыми-зерттеу үйірмесі

 

Жаратылыстану және география институты «Биология» білім беру бағдарламасы тобында «Биология» cтуденттік ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмыс жасайды. Жетекшілері: PhD, қауым. профессор Аманбаева Махаббат және магистр, оқытушы Жарылқасынова Жазира.

 

«Биология» cтуденттік ғылыми-зерттеу үйірмесі - ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын жас ғалым студенттерге арналған. Бұл үйірме студенттердің мақсат қою және оған қол жеткізу қабілеттерін шыңдауға, дамытуға, шығармашылық қасиеттерді, сыни, өз пікірін, коммуникативті қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

 

Үйірме өзектілігі оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыруға қажетті білім мен дағдылардың болашақта оқу-зерттеу жобаларын іске асыруға негіз бола алатындығында. Сол себепті, «Биология» ББ тобында ұйымдастырылған «Биология» үйірмесі жас биолог студенттердің үлесімен биология ғылымының әрі қарай дамуына ықпал етуге бағытталады.

 

Үйірменің мақсаты - студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру, университетте өткізілетін ғылыми зерттеулерге қатысуына қолайлы жағдай жасау және дамыту, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік жасау.

 

Үйірме міндеттері:
- Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға, ғылыми бағытты таңдауға ықпал ету;
- Ғылыми отырыстар, семинар, форумдар өткізуге, студенттердің баяндамаларын тыңдап және талқылауға, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысуға ықпал етіп көмектесу;
- Биология ғылымы бағытында білім алатын студенттердің ғылыми дайындық деңгейлерін арттыруға көмектесу;
- Жас мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру;
- Шығармашылық белсенділікті қалыптастыру үшін жағдай жасау;
- Студенттерге өз бетінше ғылыми ізденістерге көмектесу және олардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру қабілетін дамыту;
- Студенттерді жоспарланған ғылыми конференциялар, байқаулар, көрмелер және т.б. қатысу мүмкіндігі туралы уақтылы хабардар етуге,
- Кафедраның ҒЗЖ тақырыбы, кафедрааралық бірлестік, оның ішінде шарттық ҒЗЖ бойынша ғылыми-практикалық зерттеулер мен ғылыми- практикалық іс-шаралар өткізу.


Үйірмеге қатысатын студенттер кафедра оқытушыларының жетекшілігімен ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуді, ғылыми еңбектерді өз бетінше талдауға және қорытындылауға үйренеді, зертханалық тәжірибелер жүргізу дағдыларына ие болады. Студенттер тәжірибелік ғылыми-зерттеулердің нәтижелерімен студенттік конференцияларға қатысып, баяндама жасап, ғылыми басылымдарда жариялай алады. Осы мақсат - міндеттерге жету үшін «Биология» ББ тобы заманауи биологияның соңғы әлемдік ғылыми жаңалықтарын үнемі бақылап, оларды білім алушылардың ғылыми - зерттеу жобаларында көрініс табуына ықпал ету арқылы жүзеге асыруға жоспарлап отыр.