қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
31.01.2022

Польша университетімен қосдипломдық бағдарлама жалғасуда

 

2022 жылдың 28 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Слупск қаласының Помор академиясында екі дипломды бағдарлама бойынша білім алып жатқан студенттермен онлайн-кездесу өтті.

 

Студенттер жиналғандарға поляк жоғары оқу орнында оқудың ерекшеліктері, олар үшін қызықты және пайдалы оқытылатын пәндер және тамаша оқытушылар туралы айтып берді. Бакалавриаттың алты студенті семестр бойы Польшада оқиды, бір студент осы бағдарлама бойынша қашықтан оқиды. Осы жылдың ақпан айында жеті бакалавр бітіру жұмыстарын қорғап, Еуропалық үлгідегі диплом алады.

 

Біздің студенттер оқып қана қоймай, сонымен қатар Помор академиясының ғылыми және қоғамдық өміріне қатысады. Олар Қазақ ғылымы мен мәдениеті орталығы базасында ұйымдастырылған «Абай оқулары» үшінші Халықаралық ғылыми семинарын өткізуге белсене қатысты.

 

Кафедра оқытушылары қосдипломды студенттерге оқуын сәтті аяқтауын және сау-саламат оралуын тіледі.