Главная
Новости
02.02.2022 Жоғары педагогикалық білім берудегі дағдарыс: негізгі мәселелері мен даму болашағы
2022 жылдаң 31 қаңтарында университ бойынша педагогикалық цикл пәндері бөлімі (педагогика кафедрасы) «Жоғары педагогикалық білім берудегі дағдарыс: негізгі мәселелері мен даму болашағы» тақырыбында Республикалық ғылыми-әдіснамалық онлайн-семинар өткізді.
Баяндамашы профессор Қорлан Жампейісова қатысушыларға Қазақстандағы жоғары педагогикалық білім беру саласындағы негізгі проблемалар бойынша мазмұнды материалдар ұсынып, білім беру реформаларының озық халықаралық тәжірибелеріне талдау жасады, сонымен қатар семинар тақырыбы бойынша ғалымдардың құнды ғылыми-теориялық зерттеулерімен таныстырды.
Семинарға Қазақстанның түрлі қалаларынан, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Семей, Тараз, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай т.б. қалалардан ғалымдар мен оқытушылар қатысты.
Сонымен қатар семинарда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әртүрлі институттарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері өте белсенді қатысты.
|