қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
07.02.2022

Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының екі мамандығы - «Атамекен» жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінің жеңімпаздары


«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл сайын Қазақстанның жоғары оқу орындары даярлайтын мамандықтардың рейтингін жүргізеді.

 

Рейтингке қатысушы кафедралар «Атамекен» сайтында студенттермен жұмыс туралы мәліметтерді келесі параметрлер бойынша толтырады:түлектердің мансаптық болашағы (жұмысқа орналасу мен жалақыны талдау), кафедра мен оның түлектерінің жұмысын сараптамалық бағалау, статистикалық мәліметтер мен білім алушылардың жетістіктері.


Үш жылдан бері Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының мамандықтары «Атамекен» рейтингіне қатысып, үздік үштіктің қатарынан орын алып келеді. Биылғы жылы кафедраның екі білім беру бағдарламасы (мамандықтары) - «6В01702 - Орыс тілі мен әдебиеті» және «6В01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» - Қазақстан университеттерінің ұқсас мамандықтары арасында «Атамекен» рейтингінде 2-ші орын алды.


Жеңімпаздарды құттықтаймыз және олардың педагогикалық жұмысына табыс тілейміз!