қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.02.2022

Университеттің білім беру бағдарламалары «Атамекен» ҰКП рейтингінде жетекші орынға ие болды

 

2022 жылдың 2 ақпанында «Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жүргізген 2021 жылғы қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелері жарияланды.

 

Рейтинг түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін, түлектердің жалақысының медианасын, білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді, оқытушылар құрамының сапасын және білім беру бағдарламаларының өзектілігін және т.б. қамтитын 17 критерий бойынша өткізілді.

Рейтингке 37 білім беру бағдарламасы қатысты.

 

Рейтинг нәтижелері:


2 орынға 4 білім беру бағдарламасы ие болды:

В012 - Химия (білім)
В017 - Орыс тілі және әдебиеті
В017 - Орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын
В031 - Архитектуралық дизайн

 

3 орынға 4 білім беру бағдарламасы ие болды:

В002 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
В019 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
В031 - Сән дизайны
В049 - Халықаралық құқық

 

Университет әріптестері мен студенттерін қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз!