қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.02.2022

М. Мақатаев поэзиясы адам бойындағы ең жақсы қасиеттерді, сезімдерді оятады

 

2022 жылдың 8 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтында қазақтың белгілі ақыны Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған әдеби кеш өтті.

 

Шараның құрметті қонақтары - Қазақстан Республикасы кинематография ісінің үздігі, М.Мақатаев шығармашылығын зерттеуші Шаяхмет Имашұлы, әнші Асқар Әкімбекұлы, жас ұстаз Жеткіншек Меңдіғалиев. Жиналғандардың әрқайсысы М.Мақатаев поэзиясының тереңдігі мен сұлулығына тағы да баурап, өмірдің қайталанбас сырын, оның үйлесімін қайта ашқан, адам бойындағы ең жақсы қасиеттер мен сезімдерді оятуға қабілетті... Достық, махаббат, жан тектілігі, құрмет! «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Елдос Серік басқосудың маңыздылығын айта келе, барша қатысушыларға өзінің жүрекжарды өлеңін арнады.


«Бүгін біз, өкінішке орай, күнделікті өмірде жиі байқамайтын нәрсені терең сезіндік. Рахмет Мұқағали! Ұйымдастырушыларға рахмет!», - деді шара қонақтары толқып.