қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
13.02.2022

Алматының рухани өміріне белсенді араласуға мүмкіндік алады

 


 

«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын қолдау аясында Алматы қалалық Мәдениет басқармасы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында қоғамдық, ғылыми-өндірістік және мәдени қарым-қатынас орнату туралы Ынтымақтастық келісім шарты жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Өзара тиімді қоғамдық ғылыми-өндірістік және мәдениет салалары бойынша әріптестік жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Алматы қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор Дархан Билялов қол қойылған меморандум келесідей мүмкіндіктерге жол ашады: Басқарманың құрылымдық бөлімдері мен мекемелері жергілікті өзін-өзі басқару жұмыстарын дамыту бағытында отандық және шетелдік ғылымдардың жаңа жетістіктерін енгізу үшін, университеттің - «5В050500-Аймақтану», «8D03110- Регионоведение», «6В02202-Тарих (ғылыми бағыты)», «5В020300-Тарих» мамандығының бакалавриат, магистратура, докторантурадағы білім алушы-зерттеушілерінің ғылыми-өндірістік тәжірибелерін жүргізуге қолдау көрсетеді және мәдени қарым-қатынастардың орнауын әрі қарай тереңдетеді.

 

Келісім аясында университет студенттері Алматының мәдениеті мен рухани өміріне белсенді түрде араласады, соның ішінде шалғай аймақтардан келген жастардың азаматтық дағдылары мен тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты дамуына тәрбиелейтін қаланың тарихи нысандарына баруға кең мүмкіндік береді.

 

Кездесуге қатысушы тараптар іскерлік-ынтымақтастық қарым-қатынастарды жандандырудан бөлек, Рухани жаңғыру мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, сол бағытты күшейту мақсатында серпін беретін ортақ жобаларды дамыта беруге уағдаласты.


Университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Билялов, Ынтымақтастық келісім-шартын жасауға қолдау білдірген Алматы қаласы Әкімдігіне, Мәдениет басқармасының басшылығына ерекше алғысын айтып, өзара әрекеттестік қызметтердің нәтижелі болатындығына зор сенім білдірді.

 

13.02.2022 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz