қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
15.02.2022

Пікірсайыс: Қазақстанды дамыған елдердің қатарына кіргізудің тиімді тетігін ұсынады

 


 

Дүниежүзілік сайлау күні қоғамның санасын демократияландыру үдерісінің қайтымсыздығын қамтамасыз ету, қоғамды сайлау үдерісіндегі жетістіктер туралы хабардар ету, жас сайлаушылар арасында жоғары азаматтық ұстанымды, болашаққа жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі.

 

Осы Дүниежүзілік сайлау күніне байланысты 14 ақпан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубы мүшелерінің қатысуымен жастардың саяси сауатын дамыту, қоғамдық өмірге белсенділігін арттыру мақсатында «Қазақстанды дамыған елдердің қатарына кіргізудің тиімді тетігін ұсынады» тақырыбында пікірсайыс ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара барысында осындай маңызды үдерістегі жастардың рөлі, Қазақстан өркендеп, қуатты заманауи мемлекетке айналуы үшін ел халқының ең белсенді бөлігінің білімі мен күшін қалай тиімді пайдалану туралы пікірлер айтылды.

 

Үкімет позициясында бақ сынаған «Тұғыр» фракциясының спикерлері - Тарих және құқық институтының 3-курс студенттері Өркен Мұхаметаллиұлы және Талғат Тасқұл үздік ойын көрсетсе, ал жеңіске жеткен оппозиция позициясында ойнаған «Алаш зиялылары» фракциясының спикерлері - Психология және педагогика институтының 1-курс студенті Ерзат Болатұлы және Тарих және құқық институтының 4-курс студенті Дінмұхаммед Әбдіқайымұлы.

 

Жастардың саяси сауатын дамытуға бағытталған аталмыш іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

 

15.02.2022 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com