қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.02.2022

Қос дипломдық бағдарламаларды әзірлеушілерімен кездесу

 

2022 жылдың 15 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Физика, математика және информатика институтының қос дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер командасы мен В.Г. Короленко атындағы Глазов мемлекеттік педагогикалық институт өкілдерімен онлайн-кездесуі өтті. Кездесу барысында қос дипломдық білім беру аясында екі университет арасындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды. Университетіміздің қос дипломдық білім беру бағдарламасын жетекшілік ететін, информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі м.а. Нұржамал Ошанова В.П.Астафьев атындағы Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің (Ресей) мысалында қос дипломдық білім беру бағдарламаларын дайындау тәжірибесімен бөлісті. Кездесу нәтижелі өтті, тараптар екі университеттің бірлескен қызметінің негізгі бағыттарын талқылады.